Станциядағы ауыз су бұрқақтарын жаңарту: Сіздің денсаулығыңыз бен жайлылығыңыз үшін 12 жаңа таза су нүктесі!

Альмира Ауелбаева August 02, 2024

Біздің кәсіпорындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағдарламасы аясында Екібастұз 1-МАЭС станция жұмыскерлері үшін ауыз суға арналған бұрқақтар сәтті жаңартылды. Сумен жабдықтаудың жаңа жүйесі (900 метр) үздіксіз жұмыс істейді және ауыз судың сапасын жақсартады.
Барлығы 12 заманауи ауыз су бұрқақтары орнатылды. Олардың төртеуі турбиналық бөлімшеде «А» қатары бойынша 0.00 м белгіде, №2, 4, 6 және 8 блоктарда орналасқан. Қазандық бөлімшесінде тағы төрт субұрқақ «В» қатары бойынша 0.00 м белгісінде, сондай-ақ №2, 4, 6 және 8 блоктарда орнатылды. Қалған төрт субұрқақ +10.00 м белгісінде «Б»қатарында орналасқан.
Ауыз су бұрқақтарын жаңарту-қызметкерлеріміздің еңбек жағдайларын жақсартудағы маңызды қадам, себебі таза ауыз су денсаулық пен жұмыс өнімділігінің кепілі болып табылады. Біз алдағы уақытта да ЕМАЭС-1 барлық жұмыскерлері үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»