Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ЕМАЭС-1 жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша оқыту семинарын өткізді
Альмира Ауелбаева
August 01, 2024
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өз қызметін жүзеге асыру кезінде ашық жұмыс жағдайларын жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жоғары стандарттарды қамтамасыз етуге ұмтылады.
Ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру және Серіктестік жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен Серіктестік жұмыскерлері үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін алдын алу жұмыстары бойынша оқыту семинары өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің семинарға қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді әдістерін енгізуге ықпал етеді.