2024 жылғы 30 шілдеде Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Мариям Дәулетбекқызы Маликованың қатысуымен Жол картасына сәйкес 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер бойынша «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті. Сондай-ақ, ЕМАЭС-1 ұжымына қазіргі уақытта жолдарды абаттандыру және жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылым бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Баяндама соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтар қойды. Жүздесу жылы атмосферада өтті.