Жангелді көлінде «Жазғы балық аулау» спорттық әуесқойлық жарысы өтті

Альмира Ауелбаева July 13, 2024

2024 жылдың 13 шілдесінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде Жангелді көлінде «Жазғы балық аулау» спорттық әуесқойлық жарысы өтті. Бұл шара өздерінің шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, осы болжанбайтын істе сәттілікті сынауға дайын балық аулаудың барлық әуесқойларын жинады.

Жарыс Ережеде белгіленген барлық қағидалар бойынша өтті және барлық қатысушылар тең жағдайда болды. Бастау туралы белгі бойынша барлығы жамыла қармақ лақтырды, бір минуттан кейін алғашқы балық ауланды. Бірінші сәттілік диспетчерлік қызметтің ауысым бастығы Антон Владимирович Белявцевке түсті. Антон Владимирович осы күні ең жолы болғышы болып, «Ең кішкентай балық» және «Ең көп балық аулау» номинацияларының жеңімпазы атанды.

Салмағы 1 килограмм 285 грамм ең үлкен балықты түтіктерді, арматуралар мен құбырларды жөндеу жөніндегі цехтың ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесірі Наби Нұрлыбекұлы Әбішев ұстады. Оның балық аулау шеберлігі озық болды.

Ыстық күнге қарамастан, барлық қатысушылар өз олжаларын ұстай алды және ешкім балықсыз кетпеді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды. Бұл күннің басты жетістігі - жақсы көңіл-күй мен ұжымның бірлігі болды.

Жарыстың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз және балық аулауда және басқа да бастамаларда табыс тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»