Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің ұжымы Биманова Алтын Қайниденқызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Admin June 25, 2024

Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің ұжымы 19 жыл бойы 5-разрядты сырлаушы болып жұмыс істеген Биманова Алтын Қайниденқызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен барлық ұжымның беделіне ие болды. Алтын Қайниденқызы қайырымды және мейірімді жолдас әрқашан сөзбен де, іспен де көмектесуге дайын.

Станция басшылығы тарапынан жұмысқа деген адал ниеті үшін бірнеше рет көтермеленді.

Станция басшылығы атынан Алтын Қайниденқызын әкімшілік мәселелер және активтер жөніндегі басқарушы директор С.Ж. Ибраев құттықтады, естелік сыйлықты станция кәсіподақ комитетінің мүшесі Б.Б. Бекенов табыс етті. «Аманат» партиясының атынан Алтын Қайниденқызын бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Б. Серьянов құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.

Сіңірген еңбегіңіз үшін көп рахмет айтқымыз келеді, денсаулық және, әрине, бар жақсылықты тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»