Қазақстан тарапынан «Жұлдыз» конкурсында бірінші орынды «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А. Чигвинцева иеленді
Альмира Ауелбаева
June 25, 2024
Халықаралық «Жұлдыз» («Юлдуз») байқау-конкурсы 2022 жылғы 23 тамызда Бұхара қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі мен Өзбекстан энергетика, мұнай-газ және геология қызметкерлері кәсіподағының Республикалық Кеңесі арасында жасалған ынтымақтастық туралы Келісімнің аясында, 2022 жылғы 19-21 қазан аралығында Шымкент қаласында және Түркістан облысында (Қазақстан Республикасы) өткен «Әйелдердің кәсіподақ қозғалысындағы жасампаз рөлі» тақырыбындағы Халықаралық семинардың қарарын іске асыру мақсатында өткізілді. Конкурстың мақсаты кәсіподақтағы әйелдердің жұмысын баяндау, кәсіподақ көшбасшыларының жұмысына назар аудару және кәсіподақ қозғалысындағы әйелдердің жетістіктерін көрсету, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары жұмыскерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі іскерлік және сындарлы ынтымақтастығын дамыту. Конкурстың қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған материалдарды қарап шықты, және әр жақтан жеңімпаздарды анықтады.
Қазақстан тарапынан «Жұлдыз» конкурсында бірінші орынды «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А. Чигвинцева иеленді, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Қазақстан энергетикасының флагманы болып табылады, 2012 жылы құрылған кәсіподақ ұйымы кәсіпорынның барлық жұмыскерлерінің 92% -ын біріктіреді. Ұжымдық шарт бірнеше рет салалық деңгейде үздік болып танылды, сондай-ақ «Парыз» Республикалық конкурсында екінші орын алды. Кәсіпорында келісу комиссиясы, өндірістік кеңес жұмыс істейді, әлеуметтік комиссия құрылды, техникалық инспекторлардың жұмысы ұйымдастырылды.