Турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы электр-газбен дәнекерлеуші Сергей Иванович Ивановты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды
Альмира Ауелбаева
June 17, 2024
Турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы электр-газбен дәнекерлеуші Сергей Иванович Ивановты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. 39 жыл бойы Сергей Иванович біздің станцияда жұмыс істеп келеді және өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен бүкіл цех ұжымының беделіне ие болды, жас жұмыскерлерге мамандыққа деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар өз ісіне және біздің станцияға деген адалдықты сіңіре отырып, жоғары деңгейлі мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Сергей Иванович қауіптілігі жоғары нысандарда аса күрделі жұмыстарды орындауға құқығы бар біліктілігі жоғары маман болып табылады және барлық жұмыстарды жоғары сапамен және кәсіпқойлықпен орындайды.
Электр энергетикасын дамытуға қосқан жеке үлесі, көпжылдық және мінсіз еңбегі үшін Сергей Иванович 2015 жылы - ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2020 жылы - ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медалімен марапатталды. 2023 жылы оған «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.
Станция басшылығы атынан Сергей Ивановичты цех бастығы Б.О. Шабакбаев құттықтады. «АМАNАТ» партиясының атынан Сергей Ивановичты бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Б. Серьянов құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.
Сіңірген еңбегіңіз үшін көп рахмет айтқымыз келеді, денсаулық және, әрине, бар жақсылықты тілейміз.