Отын-көлік-1 цехының ұжымы жол мен жасанды құрылыстарды (теміржол учаскесін) ағымдағы ұстау және жөндеу жөніндегі бригадир Иван Байкешевич Шариповты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Альмира Ауелбаева June 17, 2024

Отын-көлік-1 цехының ұжымы жол мен жасанды құрылыстарды (теміржол учаскесін) ағымдағы ұстау және жөндеу жөніндегі бригадир Иван Байкешевич Шариповты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. 14 жылдан астам уақыт бойы Иван Байкешевич біздің станцияда жұмыс істеп келді және өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен барлық цех ұжымының беделіне ие болды. Иван Бакешевич жол монтерлер бригадасын 11 жылдан астам уақыт басқарды және осы уақыт ішінде жөндеу бригадасының кінәсінен бірде-бір жұмыссыз тоқтап қалуға жол берілмеді, бұл оның жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігін білдіреді.

Станция басшылығының атынан Иван Байкешевичты цех бастығының міндеттерін атқарушы А.М. Сакенов құттықтады, ол бас директордың алғыс хатын оқыды. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрайымы Т.А. Чигвинцева табыс етті. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.

Сіңірген еңбегіңіз үшін көп рахмет айтқымыз келеді, денсаулық және, әрине, бар жақсылықты тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»