ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр облыс әкімі Асаин Байхановпен бірге Екібастұз 1-МАЭС-іне жұмыс сапарымен барды
Альмира Ауелбаева
July 05, 2024
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр облыс әкімі Асаин Байхановпен бірге Екібастұз 1-МАЭС-іне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында премьер-министрдің орынбасары №1 энергоблокты қалпына келтіру және жалпы электр станциясында жөндеу науқанын жүргізу бойынша жұмыстардың барысымен танысты.
«ЕМАЭС-1» ЖШС бас директоры Асан Науырзғалиев станцияның жөндеу науқанына дайындығы, тауарлық-материалдық құндылықтардың болуы және жөндеу персоналын жұмылдыру туралы баяндады. Сондай-ақ, станцияның алдағы 2024-2025 жылыту маусымына дайындығы туралы есебі тыңдалды.