17-маусым күні мейірімділік пен ізгіліктің жаршысы болған “Құрбан айт” мерекесі аясында “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС” ЖШС мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін ақшалай қаражат бөлді

Альмира Ауелбаева June 17, 2024

17-маусым күні мейірімділік пен ізгіліктің жаршысы болған “Құрбан айт” мерекесі аясында “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС” ЖШС мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін ақшалай қаражат бөлді. Бұл игі шарадан станция ұжымы да шет қалмай құрбандыққа мал сатып алу үшін қаражат жинап, құрбандыққа шалынғае малдың еті мұқтаждарға таратылды.
Азық-түлік жиынтықтары №5, 9 және №11 орта мектеп оқушыларының ата-аналарына берілді, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлінді, олардың арасында көп балалы отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар да бар. 1-МАЭС ұжымы үшін мұндай атаулы мерекелерде көмек қолын созу дәстүрге айналып кеткен. Қайрымдылық жасап, мейірімділік танытуға келгенде станция ұжымының бейжай қалмағаны барлығымыз үшін маңызды.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»