+7 7187 282 125

Орталық Комитетінің V пленумы өтті.

Ауелбаева Альмира September 27, 2023

Кеше Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те Қазэнерго кәсіподағының Орталық Комитетінің V пленумы өтті. Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС Қазақстан Республикасы энергетикасының флагманы және әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын болып табылады. Бізде берік әлеуметтік серіктестік бар.

 

Біздің Ұжымдық шарт «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Республикалық байқауының жүлдегері болып табылады. Бұл біздің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікке деген ұмтылысымызды көрсететін жоғары марапат. Сондай-ақ, біз ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан жоғары баға алдық, бұл кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесімізді көрсетеді.

 

Сөзсіз кәсіподақ біздің кәсіпорын жұмыскерлерінің мүдделерінің өкілі болып табылады және ол әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша маңызды жұмыстарды орындайды. Сондықтан біз Пленумның барлық қатысушыларына ізгі тілектерімізді білдіргіміз келеді. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, ал кәсіподақ қозғалысы бүкіл Қазақстанда нығайып, дами берсін.

 

Біздің жалпы әл-ауқатымызға және біздің еліміз бен оның адамдары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»