Тіл сақшылары «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не тіл саясатын одан әрі дамыту мақсатында әдістемелік көмек көрсетіп қайтты.
Альмира Ауелбаева
June 21, 2024
Тіл сақшылары «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не тіл саясатын одан әрі дамыту мақсатында әдістемелік көмек көрсетіп қайтты.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Қазақ тілі қоғамының қолдауымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша, Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 2024 жылғы жоспарына сәйкес,
19 маусым күні комиссия мүшелері Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңының 10, 11, 21 – баптарын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қызметкерлеріне таныстырып, әдістемелік көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд жұмысы барысында, кәсіпорын қызметкерлері тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына кәсіпорынның ішіне шағын экскурсия жүргізіп, жұмыстарымен толыққанды танысырды.