Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы электр газбен дәнекерлеуші Юрий Николаевич Храмовты еңбек демалысына шығарып салды

Альмира Ауелбаева June 12, 2024

Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы электр газбен дәнекерлеуші Юрий Николаевич Храмовты еңбек демалысына шығарып салды. Станциямызға 40 жыл өмірін арнаған Юрий Николаевич өзінің кәсіби біліктілігімен, еңбекқорлығымен цех ұжымының құрметіне бөлене білді, ол жоғары білікті мамандардың бірнеше буынын тәрбилеп шығарды, еңбекке енді араласа бастақан жастарға қолғанат болып қана қоймай олардың бойында еңбексүйгіштік қасиетті, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыра білді. Юрий Николаевич қауіптілігі жоғары объектілерде аса күрделі жұмыстарды орындауға құқығы бар жоғары білікті маман және әрдайым барлық жұмыстарды сапалы орындайтын алтын қолды адам екенін де айтып өткен жөн.
Электр энергетикасын дамытуға қосқан жеке үлесі, көп жылдық және мінсіз еңбегі үшін Юрий Николаевич 2020 жылы Екібастұз 1-МАЭС-іне 40 жыл мерейтойлық медалімен және ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медалімен марапатталды. 2022 жылы Конституция күніне орай құрмет грамотасымен марапатталды, ал 2023 жылы оған «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.
Станция басшылығының атынан Юрий Николаевичті цех бастығы Г.Р.Жаксыбаев құттықтады. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.А.Чигвинцева табыс етті. “АМАNАТ” партиясының атынан Юрий Николаевичті бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Б. Серьянов құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.
Ардагерімізге адал еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы күндерде зор денсаулық және бар жақсылықты тілейміз.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»