Өнеркәсіптік қауіпсіздік , еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының ұжымы өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы Сарин Фарман Әкімжанұлын еңбек демалысына шығарып салды

Альмира Ауелбаева May 24, 2024

Өнеркәсіптік қауіпсіздік , еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының ұжымы өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы Сарин Фарман Әкімжанұлын еңбек демалысына шығарып салды. Фарман Әкімжанұлы біздің станцияда 13 жылдан астам еңбек етті. Фарман Әкімжанұлы өзінің еңбек жолын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер ретінде қауіпсіз және сенімді пайдалану қызметінде және жылу техникалық жабдыққа қызмет көрсетуден бастады. Станцияның авариялық жағдайларын жоюға белсенді қатысып, қызметкерлер құрамымен жұмыс істеуге ұдайы көңіл бөлді.
Еселі еңбегі үшін Фарман Әкімжанұлын станция басшылығымен бірнеше рет бағалады. Атап айтар болсақ, 2021 жылы 1-МАЭС Құрмет тақтасына ілінді, 2022 жылы ҚР Энергетика министрінің алғыс хатымен марапатталды, ал 2023 жылы «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.
Станция басшылығының атынан Фарман Әкімжанұлын басқарма бастығы А. С. Әкімжанов құттықтап, бас директордың алғыс хатын табыстады. Фарман Әкімжанұлын кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева шын жүректен құттықтап, естелік сыйлық берді. Басқарма ұжымы өздерінің лебізін білдіріп, тілектерін жеткізді. Фарман Әкімжанұлына зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»