Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы энергоблоктың аға машинисі Курочкин Виктор Прокопьевичті еңбек демалысына шығарып салды

Альмира Ауелбаева May 24, 2024

Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы энергоблоктың аға машинисі Курочкин Виктор Прокопьевичті еңбек демалысына шығарып салды. Қазандық-турбина цехына жұмысқа келген сәттен бастап ол өзінің жоғары біліктілігі мен жедел жұмыстың орындаудағы жоғары деңгейін көрсетті.
Жедел жұмыс үлкен білімді, тез шешім қабылдау қабілетін, техника қауіпсіздігі мен жабдықты техникалық пайдалану талаптарын әрдайым қатаң сақтауды талап етеді, ал біздің ардагеріміз осы аталған қасиеттердің бәріне ие екендігін де мақтанышпен айта аламыз. Виктор Прокопьевич мамандыққа деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар өз ісіне деген және біздің станцияға деген адалдықты жас жұмыскерлердің бойына сіңіре отырып, жоғары дәрежелі мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі.
Станция басшылығының атынан Виктор Прокопьевичті цех бастығы М.М.Дутбаев құттықтап, бас директордың алғыс хатын оқып берді. Виктор Прокопьевичті кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева құттықтап, естелік сыйлығын табыс етті. Цех ұжымы көптеген жылы сөздер айтты. Виктор Прокопьевичке мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»