Ағымдағы жылдың 17 мамырында "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында көшпелі кеңес өткізілді.
Альмира Ауелбаева
June 17, 2024
Ағымдағы жылдың 17 мамырында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС аумағында 2024 жылдың 1-тоқсанының қорытындылары бойынша өндірістік қауіпсіздік жөніндегі көшпелі кеңес және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері мен Еншілес және Тәуелді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен HSE клубының мәжілісі өткізілді.
Мәжілісте өндірістік қауіпсіздік бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2024 жылдың 1-тоқсанының қорытындылары, сондай-ақ 2024 жылға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.
ЕТҰ басшылары 2024 жылдың 1-тоқсанында орын алған жазатайым оқиғалар және жазатайым оқиғалардың себептерін жою бойынша қабылданған шаралар және осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы есеп берді.
Мәжілісте еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мәселелері де қозғалды және болашақта іске асыру үшін нақты іс-шаралар жоспарланды.