ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз 1-МАЭС-ке жұмыс сапарымен барды.
Альмира Ауелбаева
May 05, 2024
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз 1-МАЭС-ке жұмыс сапарымен барды.
Іс-сапар барысында вице-министр мен Самұрық-Энерго басшысы №1 энергоблогын қалпына келтіру жұмыстарымен және электр станциясындағы жөндеу науқанының барысымен танысты.
«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Бас директоры Асан Наурызғалиев станцияның жөндеу науқанына дайындығы, тауар-материалдық құндылықтардың жеткіліктілігі және жұмысшылардың жөндеу жұмыстарына жұмылдырылғаны туралы баяндады. Сонымен қатар, станцияның алдағы 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындығы туралы есеп тыңдалды.
Іс-сапардың қорытынды жиналысында станция басшылығына нақты тапсырмалар, оның ішінде № 1 энергоблогы бойынша, турбиналық қоректендіру сорғысын монтаждау мерзімдерінің жоспардан ауытқуына жол бермеу және энергоблокты уақытында іске қосу туралы тапсырмалар берілді.