Санитарлық тазарту айлығы аясында ГРЭС-1 басшылығы сенбілік жариялады!

Альмира Ауелбаева May 05, 2024

Тазалық үшін бірігеміз!
Санитарлық тазарту айлығы аясында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС басшылығы сенбілік жарияланды!
Таң сәрісінен жұмыскерлер алдын ала бөлініп берген аумақтарды құрғақ бұтақтардан, жапырақтардан және бөгде қоқыстардан тазартты. Бірлескен күш-жігермен олар ағаш діңдерін ағартуға, жол жиектері мен қоршауларды әктеп шықты.
Бұл күн ұжымдық рух пен бірлескен жұмыстың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет дәлелдеді. Біз береке бірлікте екенін, тазалыққа бірлесіп қана қол жеткізе алатынымызды түсінеміз!
Барлық қатысушыларға ортақ іске қосқан үлесі үшін және керемет көңіл күй үшін алғыс айтамыз! Алдағы уақытта да тазалық пен ұқыптылықтың салтанат құруы үшін бар күшімізді салайық! 
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»