+7 7187 282 125

5 қыркүйек - Қазақстан халықы тілдері күні!

Ауелбаева Альмира September 06, 2023

5 қыркүйек - Қазақстан халықы тілдері күні!

Бұл күн қазақстандықтар үшін аса маңызды, өйткені біз 100-ден астам этносты біріктіретін біртұтас отбасымыз. Біз әр ұлттың өкілі болсақ та бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

 

Мемлекеттік деңгейде барлық этностардың мәдениеті мен тілдеріне құрметпен қарау бірегей нәтижелерге әкелді. Еліміздің барлық ұлттарының өкілдері өздерін Қазақстанның азаматтары мен патриоттары деп санайды. Өздерінің ұлттық мәдениеті мен тілінен алшақтамау мүмкіндігіне ие бола отырып, олар қазақ тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайды және елдегі бірліктің негізі деп санайды.

 

Екібастұз 1-МАЭС-нің қазақ тілі мұғалімі Ермарғын Төлегенұлы ІҰБ, БжСЕ бөлімдерімен бірлесіп «Тіл - достықтың көпірі»атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты-тіл тұғырын жоғарлату, тілдерге деген сүйіспеншілікті арттыру, достық қарым-қатынас пен өзара түсіністікті қалыптастыру болып табылады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»