+7 7187 282 125

Каплич Ульяна Николаевнаны VIII Спартакиададағы керемет жеңісімен құттықтаймыз!

Ауелбаева Альмира August 29, 2023

Қордың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VIII спартакиадада Каплич Ульяна Николаевнаны жеңісімен құттықтаймыз.
Еркін стильдегі 400 метрге дейінгі жүзуден Ульяна 06:54 нәтижесмен бірінші болып жетті!
Ол Екібастұз 1-МАЭС станциясында 10 жылдан астам уақыт материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінде I санатты экономист болып еңбек етуде. Ол өзін сауатты және жауапты маман ретінде көрсетті. Сондай-ақ, ол әрдайым станцияның өміріне белсенді араласады. Оның адалдығы мен белсенділігі өзгеге өнеге болып отыр. 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»