Энергетика министрі А.Сәтқалиев ЭГРЭС-1-де болды
Альмира Ауелбаева
August 28, 2023
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапары аясында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»-ке келіп, электр станциясының күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Сапар барысында Алмасадам Сәтқалиев №1 энергоблокты қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарының барысын да қарап шықты.
Министрге күзгі – қысқы кезеңге дайындық барысы, көмір қоры және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» бас директоры Асан Наурызғалиев баяндады.
Станцияда «№1 энергоблокты қалпына келтіру» жобасын іске асыру жүргізілуде, ол станцияның қолда бар қуатын жобалық 4 000 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты-сұранысты қанағаттандыру және Қазақстан Республикасында электр энергиясының тапшылығын азайту болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі заманғы электр сүзгілерін орнату есебінен экологиялық нормативтердің орындалуы қамтамасыз етілетін болады. Жоба 2024 жылы аяқталады деп күтілуде.