«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС электр станциясына жұмыс сапарымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жакупов ке
Альмира Ауелбаева
July 24, 2023
«Самұрық-Энерго» компаниясының Екібастұз энергокешенінің кәсіпорындарына, оның ішінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС электр станциясына жұмыс сапарымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жакупов келді. Сапар барысында ол № 1 энергоблокты басқарудың блок қалқанын қарап оны қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Ағымдағы жылдың соңында №1 энергоблогы пайдалануға бергеннен кейін станцияның белгіленген қуаты 4000 МВт құрайтын болады. Жобаның мақсаты станцияның қолда бар қуатын жобалық қуатқа дейін ұлғайту, сұранысты қанағаттандыру және Қазақстан Республикасында электр энергиясының тапшылығын төмендету болып табылады.
Энергоблокты қалпына келтіру кезеңінде 500-700 адамға арналған жаңа жұмыс орындары құрылды, ал пайдалану кезеңінде 54 адам тартылатын болады. Сондай-ақ, заманауи электр сүзгілерін орнату есебінен экологиялық нормативтердің орындалуы қамтамасыз етіледі. «№1 энергоблокты қалпына келтіру» жобасын іске асыруды белгіленген мерзімде аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта станцияда №3 энергоблогына күрделі жөндеу жүргізілуде. Көмір жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, олардың тәртібі «КЕGОС»АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілген. Қоймаларда 2023-2024 жж КҚК арналған көмірдің жоспарлы жинақталуы жүріп жатыр.