Қарлығаш Балтабайқызы Серикпаева
Альмира Ауелбаева
July 18, 2023
Қарлығаш Балтабайқызы Серикпаева 16 жылдан астам уақыт бойы станцияда әкімшілік-шаруашылық бөлімінде сырлаушы болып жемісті еңбек етіп келеді. Ол өз ісінің шебері болғандықтан біліктілігіне білімі сай жұмыскер ретінде бағалы. Сырлаушының жұмысы өте ауыр жұмыс, кейіпкеріміздің шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында оның жұмысы көзге тартымды әрі бағалы көрінеді.
13 шілдеде Қарлығаш Балтабайқызы құрмет демалысына шықты. ӘШБ бастығы Е.А.Опбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің барлық ұжымы кейіпкерімізді өмір жолындағы маңызды оқиғамен қуана құттықтады.
Жаңа белесті аттаған Қарлығаш Балтабайқызына тек қана жақсылық тілейміз, еңбегіңіздің зейнетін көріп, шаттық пен бақытқа бөлене беріңіз.