+7 7187 282 125

Құрбан айт

Бексеитова Диана June 29, 2023

"Құрбан айт" мерекесі аясында жомарттық пен жанашырлықтың нышанына айналған "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС Аманат БПҰ және кәсіподақ ұйымымен бірлесіп мұқтаж жандарға көмек көрсету тәжірибесін жалғастырды.
Осы асыл мақсат үшін қаржы бөлінді. Азық-түлік жиынтықтары №5, 9 және №11 орта мектеп оқушыларының ата-аналарына берілді, сондай-ақ пакеттер кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлінді, олардың ішінде көп балалы отбасылар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар бар. 1-МАЭС-тің жастар қозғалысы кеңесі атынан көмектесіп, қоржындарды таратуға өз үлесін қосты. 1-МАЭС үшін бұл дәстүрге айналып кеткен игі амал. Станция қызметкерлері атаулы шарадан шетте қалмайтынын және әрқашан өз көмегін көрсетуге дайын екенін ескере кеткен жөн.

Осынау күні шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Көрсеткен көмектеріңіз бен жасаған қайрымдылықтарыңыз еселеп оралсын!

Осынау мерейлі мереке күні әрбіріңізге зор денсаулық, мол бақыт, әр ісіңізге береке берсін! Әр күніңіз шаттық пен қуанышқа толсын!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»