+7 7187 282 125

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ЭМАЭС-1 қызметкерлерімен кездесті

Бексеитова Диана June 29, 2023

Халықпен тұрақты кездесулер аясында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин @abeysekin ЭМАЭС-1 қызметкерлерімен кездесті. Бұл кездесуде әр қызметкер өзін толғандырған және қаламызға қатысты сұрақтарын қою және мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде Аян Уахитұлы барлық сұрақтарға жауап берді.
 
Кездесу барысында қаламызда алдағы уақытта орын алатын өзгерістер талқыланды, оның ішінде болашақ Шахтер паркінің жобасы ұсынылды. Сондай-ақ, жұмысшылар қаланың белгілі бір бөліктеріндегі тротуарлардың жай-күйіне, жылумен жабдықтау мәселелеріне, иесіз иттердің болуына, шыбын-шіркейлермен күресу қажеттілігіне және балаларды спорттық секцияларда орындармен қамтамасыз ету бойынша алаңдаушылық білдірді.
 
Кездесуде айтылған барлық тілектер мен ұсыныстар жазылып, жұмысқа қабылданды. Кездесу жылы атмосферада өтті.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»