Инвестициялық, өндірістік және жөндеу бағдарламаларын іске асыруды талқылау аясында Басқарма Төрағасы С.С.Түйтебаев Екібастұз МАЭС-1-де к

Альмира Ауелбаева June 13, 2023

Инвестициялық, өндірістік және жөндеу бағдарламаларын іске асыруды талқылау аясында Басқарма Төрағасы С.С.Түйтебаев Екібастұз МАЭС-1-де кеңес өткізді.

№1 энергия блогын қалпына келтірудің ағымдағы жұмыстары талданды, сондай-ақ оның орындалу барысы бағаланды. Өндірісті 8 блоктық режимде қамтамасыз етуге және экологиялық талаптарды орындауға бағытталған бастамашыл жобалар талқыланды. Бұл шаралар өндіріс процестерін оңтайландыруға және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға бағытталған. Жиынға сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері, жобаларды іске асыруға жауапты станцияның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Бұл әртүрлі құрылымдар арасында үйлесімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»