+7 7187 282 125

5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеміз!

Бексеитова Диана June 13, 2023

5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеміз! Бұл экологтар мен табиғатты қорғау ұйымдары үшін маңызды күн, өйткені бұл күн қоршаған орта мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуға және оны сақтау бөлігіндегі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған.

Осы күнді мерекелеу аясында Екібастұз 1-МАЭС станция қызметкерлері арасында «Біздің ғажап мекеніміз – жер планетасын сақта» шығармашылық байқауы өтті. Байқау 2023 жылдың 17-мамыры мен 5-маусымы аралығында өтіп үш қызықты номинацияны қамтыды.

«Қоқыс фантазиясы» номинациясында қалдық материалдардан, қоқыстардан және қажетсіз заттардан жасалған заттарды қабылданды. «Шегі жоқ шығармашылық» номинациясында қатысушылар байқаудың тақырыбын ашатын табиғи материалдардан өз бұйымдарын ұсынды. «Дәстүрлі емес техникадағы сурет» номинациясында әртүрлі тәсілмен жасалған пластилиндік суреттерді бағаладық.

Бұл байқау қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтудің және әрқайсымыздың аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесімізді қоса алатынымызды көрсетудің тамаша тәсілі болды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»