ЕМАЭС-1 екі маңызды іс-шара өткен орынға айналды.
Альмира Ауелбаева
May 12, 2023
ЕМАЭС-1 екі маңызды іс-шара өткен орынға айналды.
Павлодар облысының әкімдігі облыс әкімі Асаин Байхановтың @аsaiyn.baikhan Екібастұз қаласының тұрғындары-станция қызметкерлері үшін жеке қабылдауын ұйымдастырды, оның барысында әрбір тұрғын облыс әкіміне ғана емес, қала әкіміне @abeysekin, сондай-ақ облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басқа да басшыларына қала өміріне қатысты сұрақтарымен жүгіне алды.
ЕМАЭС-1 қызметкерлері мемлекеттік органдардың басшыларымен түйіткілді мәселелерін талқылай отырып, жауаптар алып, тіпті бірқатар өзекті мәселелерді шешті.
Сондай-ақ, облыс басшылығының сапары барысында осы қыста қалада орын алған ТЖ жоюға қатысушылардың үлесі ел Президентінің ордендерімен және алғыс хаттарымен лайықты бағасын алды.
Естеріңізге сала кетейік, станция қызметкерлері қаланың 23 объектісінде сумен жабдықтауды қалпына келтірді, оның ішінде 12 МЖК, 4 жеке үй, 2 балабақша бар. Қала тұрғындарына көмектескен қызметкерлердің барлығы дерлік қала үшін қиын кезеңде өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсеткен еріктілер болды.
ЕМАЭС-1 бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты @yerzhan_yertaev Ержан Ертаевты III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен, сондай-ақ жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Талғат Испуловты және жөндеу жөніндегі басқарманың бастығы Ардақ Қайырбаевты алғыс хаттарымен құттықтаймыз.