Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі) Амантай Шынтемірұлы Асановты еңбек демалысына шығарып салды
Альмира Ауелбаева
April 03, 2024
Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі) Амантай Шынтемірұлы Асановты еңбек демалысына шығарып салды. Амантай Шынтемірұлы станцияда 30 жылдан астам еңбек етті. Кейіпкеріміз 1993 жылы қазандық жабдықтары жөніндегі аралаушы-машинист болып жұмысқа жұмысқа орналасады, өзінің жоғарғы біліктілігіның арқасында 1994 жылы сол цехта энергоблоктың (қазандық жөніндегі) машинисі болып ауысады. Жедел жұмыс үлкен білімді, тез шешім қабылдау қабілетін, жабдықтың қауіпсіздігі мен техникалық пайдалану талаптарын әрдайым қатаң сақтауды талап етеді. Амантай Шынтемірұлында жоғарыда аталып өткен қасиеттердің бәрі де бар. Еңбек жолында бірнеше буындарды тәрбиелеген Амантай Асанов олардың бойында мамандыққа деген сүйіспеншілікті, өз ісіне және станцияға деген адалдықты сіңіре білді.
Амантай Шынтемірұлының қажырлы еңбегін станция басшылығы бірнеше рет жоғары бағалады, 2019 жылы оған «ҚЭА еңбек сіңірген энергетигі» атағы табысталды; 2020 жылы Ресейдің мемлекеттік электрлендіру жоспарының-ГОЭЛРО 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды, 2018 жылы 1-МАЭС-тің Құрмет тақтасына енгізілді, ал 2023 жылы «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.
Станция басшылығының атынан Амантай Шынтемірұлын цех бастығының орынбасары А.В. Шафоростов құттықтап, бас директордың алғыс хатын оқып берді. кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.А.Чигвинцева және «Аманат» партиясының өкілі А.Х.Мұханова еңбек демалысына жеткен ардагерімізді шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Шара барысында кейіпкерімізге көптеген жылы сөздер айтылды. Ал біз өз кезегімізде Амантай Шынтемірұлына зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз.