+7 7187 282 125

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ұжымы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті

Альмира Ауелбаева March 20, 2024

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ұжымы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті.
Станция қызметкерлері үшін халқымыздың салт-дәстүр үлгілері мен ұлттық спорт түрлерінің презентациясы көрсетілді.
Атап айтар болсақ бүгінде кеңінен танылып жатқан асық ату ойыны туралы әріптестеріміз Аманов Абылай мен Мырзашева Мақпал айтып берді.
Ал «Тұсау кесер» рәсімі шараның сәнін кіргізгендей болды. Жуырда ғана кішкентайлы болған әріптестеріміз Нұрсұлтан мен Снежананың қызының тұсауын станциямыздың бас директоры Асан Әкімғалиұлы кесті.
Сондай-ақ халқымыздың өзімен бірге жасап келе жатқан шеберліктің жарқын үлгісі - ұршық иіру тәсілі де көпшілік көрерменге көрсетілді. Оны әріптесіміз Айдана Айтуғанова көрсетті.
Ал халық шебері Дәмет Әміренова ою-өрнектің қыр-сырын баяндап, ұлтымыздың ұлттық нақыштары жөнінде айтып берді.
Наурыз мерекесінің негізгі тағамы Наурыз көженің қалай жасалатыны жөнінде әріптесіміз Айнұр Камзинова баяндап берді.
Шара барасында станция қызметкерлері арасында викториналық ойын өткізіліп наурыз сыйлықтары үлестіріліп, шашу шашылды. Ер азаматтар арқан тартып ортаны бір қыздырып алды.
Естеріңізге сала кетейік, күні бұрын станция бойынша кабинетті үздік безендіруден конкурс өткен болатын. Шара соңында конкурс жеңімпаздары марапатталып, көпшілік үшін жайылған ақ дастарханнан дәм татырды. Наурыз көже ішіліп, ән мен жырға кезек берілді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»