Химиялық цехының ұжымы Қадиша Төлеубекқызы Тапекованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды
Альмира Ауелбаева
March 04, 2024
Химиялық цехының ұжымы Қадиша Төлеубекқызы Тапекованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Қадиша Төлеубекқызы станцияға 2005 жылы хлораторлық қондырғылардың операторы болып жұмысқа келді, 2013 жылдан бастап «Струя» су тазарту қондырғыларының инженер-зертханашысы болып жұмыс істеді. Қадиша Төлеубекқызы «Струя» су тазарту қондырғыларының химиялық режимін және су тазарту қондырғыларының санитарлық жағдайын қатаң қадағалайды. Станциядағы ауыз судың сапасы оның біліктілігіне байланысты және бұл өте жауапты, Қадиша Төлеубекқызы әрқашан өз міндеттерін өте жақсы орындап келді.
Сіңірген еңбегі үшін Қадиша Төлеубекқызын станция басшылығы бірнеше рет ынталандырылды, 2023 жылы оған «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағын иеленді.
Станция басшылығы атынан Кадиша Төлеубекқызын цех бастығы Александр Валерьевич Новиков құттықтады және бас директордың алғыс хатын оқыды. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Александровна Чигвинцева табыстады. «Аманат» партиясының атынан Қадиша Төлеубекқызын бастауыш партия ұйымының хатшысы Жұлдыз Зейноллақызы Қабиева құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.
Еңбегіңіз үшін көп рахмет, денсаулық және барлық жақсылықты тілейміз.