Наурыз мейрамы - 2024
Альмира Ауелбаева
April 08, 2024
«Наурыз мейрамы - 2024» мерекесі аясында «Қазақтың салт-дәстүрлері» челленджі басталған болатын.
Оның негізгі мақсаты ұмытылған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту, сондай-ақ оларды танымал ету болып отыр. Біз осы челленджге қуана-қуана қатысып қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлерінің бірін көрсеттік.
«Шаш өру»
Тұрмысқа шықпас бұрын қазақ қыздары шашын бір өрімге өрген - бұл оның әлі оң жақта отырғанын білдіретін еді. Тұрмысқа шыққанан кейін қалыңдықтың шашы екі өрімге өрілген. Құдай қосқан қосағының еліне (ауылына) кетер алдында қыз туыстарымен қоштасып, сыңсу айтқан.
Аталған челленджге қатысу қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтуге, қазақ мәдениетімен, тарихымен және дәстүрлерімен таныстыруға, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік береді.