+7 7187 282 125

Отын-көлік-1 цехының ұжымы сорғы қондырғыларының 4-разрядты машинисі Маргарита Алексеевна Соболевскаяны құрметті демалысқа шығарып салды

Ауелбаева Альмира February 08, 2024

Отын-көлік-1 цехының ұжымы сорғы қондырғыларының 4-разрядты машинисі Маргарита Алексеевна Соболевскаяны құрметті демалысқа шығарып салды. 14 жылдан астам уақыт бойы Маргарита Алексеевна станцияда жұмыс істейді және өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен барлық цех ұжымының беделіне ие. Маргарита Алексеевна әрқашан мазут-сорғы станциясына, мазут құбырларына, бу құбырларына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жедел әрі үлкен жауапкершілікпен орындайды. Әрқашан жас мамандарға мамандыққа деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар, өз ісіне және станцияға деген адалдыққа үйрете білді. 2023 жылы Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының «Ардагер Энергетик» төсбелгісімен марапатталуы оның көп жылғы адал еңбегінің нәтижесі.
Станция басшылығының атынан Маргарита Алексеевнаны цех бастығы Талғат Амангелдіұлы Масығұтов құттықтап, бас директордың алғыс хатын оқыды. Станцияның кәсіподақ комитетінің мүшесі Бекенов Болат Беделғазынұлы естелік сыйлықты табыстады. «Аманат» партиясының атынан Маргарита Алексеевнаны бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Бейсенұлы Серьянов құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.
Көп жылғы еңбегіңіз үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық, бар жақсылықты тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»