Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2024 жылғы 26 қаңтарда «Болат Нұржанов атындағы 1-МАЭС» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының шақыруымен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін заңнама бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.
Альмира Ауелбаева
January 26, 2024
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2024 жылғы 26 қаңтарда «Болат Нұржанов атындағы 1-МАЭС» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының шақыруымен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін заңнама бойынша түсіндіру кездесуін өткізді. Спикерлер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлемді алу тәртібін, мерзімдерін, шарттарын, көздерін; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін медициналық қызметтерді алу шарттары мен тәртібін түсіндірді.
Кездесуге қатысушылардың әрқайсысы өз қалауы бойынша БЖЗҚ-дан үзінді көшірме және арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау ережелері мен болжамды мөлшері бойынша жеке кеңес алды.
Еңбек ұжымымен кездесудің өзектілігі серіктестік қызметкерлері үшін уақтылы түсініктеме алу қажеттілігінен туындады. Еңбек адамы мүддесі үшін іс-шараны ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ комитетіне, станция басшылығына алғыс айтамыз.