+7 7187 282 125

28-29 наурыз аралығында «AMANAT» бастауыш партия ұйымы Екібастұз 1-МАЭС басшылығымен келісе отырып, 7-11 сынып оқушыларына экскурсия өткізді

Бексеитова Диана May 11, 2023

28-29 наурыз аралығында «AMANAT» бастауыш партия ұйымы Екібастұз 1-МАЭС басшылығымен келісе отырып, 7-11 сынып оқушыларына экскурсия өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты оқушылардың энергетика мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру және осы салаға назар аудару болды.

Қатысушылар энергетика саласы туралы жаңа ақпарат ала алды . Оқушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді, кәсіподақ комитеті мен жастар кеңесінің өкілдері сөз сөйледі, кейіннен олар ОБҚ барып, станцияның жұмысына бақылау қалай жүзеге асырылатынын көрді. Сондай-ақ, олар №1 ББТ болып, цехтарға барды.
Экскурсия энергетика саласының қалай жұмыс істейтінін көрудің бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар энергетик мамандығының қаншалықты маңызды қызмет екенін көрсетті. Қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды және болашақта энергетика саласын дамытуға қалай үлес қоса алатынын ойластырды.
1-МАЭС-те өткізілген күн жас энергетиктердің жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Ең бастысы бұл шара оқушылар үшін болашақта энергетика саласын мамандық ретінде таңдауға серпін беруі мүмкін.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»