+7 7187 282 125

Бүгін «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіпорнында «AMANAT» БПҰ ұйымдастыруымен жұмыскерлердің балаларына арналған тамаша та

Бексеитова Диана May 11, 2023

Бүгін «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіпорнында «AMANAT» БПҰ ұйымдастыруымен жұмыскерлердің балаларына арналған тамаша таныстыру экскурсиясы өтті. Энергетика мамандығымен танысу мақсатында кәсіпорында өткен экскурсияға 7-11 сынып оқушылары қатысты.

Экскурсия барысында оқушыларға технологиялық процесс туралы бейнеролик және станцияның макеті көрсетілді. Сондай-ақ, кіріспе нұсқаулық өткізіліп, кәсіпорындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.

Экскурсия аясында кәсіподақ кешені мен жастар кеңесінің өкілдері сөз алды. Экскурсияға қатысушылар кәсіпорын мамандарына сұрақтар қою және 1-МАЭС жұмысы туралы көбірек білу мүмкіндігіне ие болды.

Экскурсия қатысушылары энергетика мамандығымен жақыннан танысып, аталмыш мамандық туралы жаңа ақпарат алды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»