+7 7187 282 125

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының бастығы Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС ЖШС азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық ж?

Бексеитова Диана May 11, 2023

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс күнінде Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының бастығы Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС ЖШС азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық жөніндегі бөлімнің бастығы Марина Шишловаға алғыс хат табыс етті.

Марина Анатольевна 27 жыл көлемінде төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мәселелерімен айналысып келеді. 20 жылға жуық мемлекеттік органдарда жұмыс істеп, 2014 жылдан бастап 1-МАЭС-те еңбек етеді.

Мұндай стратегиялық маңызы бар бөлім бастығының міндеттеріне апаттар мен катастрофалардың алдын алу, оқу-жаттығулар мен апатқа қарсы жаттығулар өткізу, станцияның қорғаныс құрылыстарының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету және тағы басқалар бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу кіреді.

Біз Марина Анатольевнаны лайықты марапатымен және кәсіби мерекесімен құттықтаймыз және бірінші кезекте апатсыз жұмыс, қажымас қайрат, зор денсаулық және жұмысына жеиіс тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»