Өскелең энергетиктердің екінші тобы Екібастұз 1-МАЭС-те болды
3 ақпан күні де «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-е қызметкерлердің балалары үшін экскурсия жалғасты.
Станцияның «AMANAT» бастауыш партия ұйымы экскурсияның екінші күнін 7-8 сынып оқушылары ұйымдастырды.
Қатысушылардың көпшілігін станцияға, ата-аналарының жұмыс орнын өз көздерімен көріп, танысуға деген қызығушылықтары әкелді.
Бірақ араларында болашағын энергетика саласымен байланыстырғысы келетіндер де кездесіп жатты.
Станцияға саяхаттың екінші күні де жоғары сынып оқушыларына ұйымдастырылғаннан кем түспеді.
Экскурсия жетекшілері балаларға турбиналық және қазандық бөлімшелерін көрсетті, химиялық цех қызметкерлері техникалық суды тұзсыздандырудың жоғары технологиялық процесі қалай жүргізілетінін, содан кейін қазандықтарда қыздырылатынын және электр энергиясын өндіру процесінде шешуші рөл атқаратынын айтты.
Осындай іс-шаралардың арқасында 1-МАЭС-те династиялар әулеті көбірек болады деген үміттеміз.