Екібастұз 1-МАЭС Павлодар облысы кәсіподақ ұйымдарының мәселелерін талқылау алаңына айналды
Альмира Ауелбаева
May 04, 2023
Екібастұз 1-МАЭС Павлодар облысы кәсіподақ ұйымдарының мәселелерін талқылау алаңына айналды. 1 ақпанда «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС базасында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті.
Мәжіліс барысында 1-МАЭС жұмыскерлері кәсіподағының төрайымы Татьяна Чигвинцева станцияның ұжымдық шарты туралы баяндама жасады, ол 2022 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстандағы ең үздік ұжымдық шарт болып танылды.
Ұжымдық шарт 2022 жылдың ақпанында қайта қаралды және жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер елеулі жақсартылды.
Осының барлығы ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылыққа және кәсіпорынның түпкілікті нәтижелеріне ұжымның көңіл бөлуіне кепілдік береді.