+7 7187 282 125

8-наурыз қарсаңында станция қызметкерлері арасында өткізілген "Көктемгі көңіл алауы" шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды

Елена Киселева March 09, 2023

8-наурыз қарсаңында станция қызметкерлері арасында өткізілген "Көктемгі көңіл алауы" шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Екібастұз 1-МАЭМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы станция қызметкерлері арасында өткізілген "Көктемгі көңіл алауы" шығармашылық байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Қызметкерлер соңғы төрт күн ішінде біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың жазылушыларымен өз жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Байқау станцияның барлық қызметкерлері арасында өткізілді және қатысушылар өз таланттарын әр түрлі бағытта көрсетті. Жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері таңдады, олар қорытындылау кезінде Екібастұз

1-МАЭС парақшасының әлеуметтік желіде олар жарияланған шығармашылық жұмыстардың фотосуреттері мен бейнебаяндарындағы комментарийде айтылған жазылушыларының қалауын назарға алды.

Айжан Құрмашева (МТР бөлімі), Марина Бричкар (ЖАӨ цехы) және Әсел Смағұлова (Химиялық цехы) және Айнұр Камзинова (ІҰ бөлімі) байқау жеңімпаздары атанды.

Бірақ байқауға қатысқан 27 қатысушының әрқайсысы өзінің күш-жігері мен шығармашылық әлеуеті үшін құрметке лайық, сондықтан да байқауға қатысушылардың барлығы сыйлықтар алды.

Екібастұз 1-МАЭС басшылығы мен ұжымы қызметкерлерінің шығармашылық талпыныстарына қолдау көрсетуге және қабілеттерін дамуға көмектесуге дайын.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»