Қасқырбаева Ботакөз Бақытбекқызы

Альмира Ауелбаева February 22, 2024

«Болашаққа бағыт» айдары аясында Екібастұз 1-МАЭС жас қызметкері Қасқырбаева Ботакөз Бақытбекқызымен таныстырғымыз келеді. Кадрлық әлеуетті қалыптастырудың негізгі қағидаты кәсіби біліктілік, бастамашылдық, еңбекқорлық, сондай-ақ жас мамандарды қолдау және оларды кәсіби өсуге ынталандыру екені белгілі.
2015 жылы Ботакөз химиялық технология және өндірістің техник-технологы мамандығы бойынша колледжді бітіріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түседі. 2019 жылы органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры атанды. 2019 жылы Екібастұз қаласына көшіп келіп, конкурсқа қатысуға өтінім береді, сөйтіп химяиылқ цехтың 4-разрядты химиялық су дайындау аппаратшысы болып іріктеуден өтеді. Осылайша жас маман 1-МАЭС-тың қызметкері атанады.
2021 жылы Ботакөз 6-разрядты суды химиялық тазарту аппаратшысы қызметіне ауысады. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 2-санаттағы суды химиялық тазарту инженері қызметін атқарады.
Сондай-ақ, ол Екібастұз 1-МАЭС жастар кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады.
Ботакөз 5 жыл бойы
өзін қолдап, бағыт-бағдар берген әріптестеріне алғысын білдіреді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»