Еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес

June 26, 2025

26 маусымда Екібастұз -1МАЭС-інде ӨТБ бастығы С.Б.Серьяновтың төрағалығымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің кезекті отырысы өтті.

 

Кездесу жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен өтті.

Шара барысында келесідей маңызды мәселелер талқыланды:

▪еңбек жағдайларын жақсарту,

▪ақпараттық жүйелерді қолдану тиімділігін арттыру,

▪қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету және т б.

 

Өзекті міндеттерді шешу бойынша нақты іс шаралар мен жоспарлар белгіленді.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес - станциямыздағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл саладағы бірлескен жұмыс барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға көмектеседі!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»