Екібастұз 1-МАЭС ұжымы ардагеріміз, жөндеу жөніндегі басқарманың бастығы Жақсыбаев Гафиулла Рахматуллаұлын еңбек демалысына шығарып салды. Гафиулла Рахматуллаұлының станциядағы жалпы жұмыс өтілі 41 жылдан асады. Дәл осы кезең кәсіпорын үшін маңызды әрі ауыр жылдар болатын, осы жылдары жабдықтарды қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 19 жылдан астам уақыт бойы Гафиулла Рахматуллаұлы негізгі өндірістік цехтардың бірі – қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехын басқарды, оған көбінесе кәсіпорын станциясының тұрақты және апатсыз жұмысы тікелей баланысты болатын еді.
Гафиулла Рахматуллаұлы көптеген қызметкерлер үшін тәлімгер және жоғары кәсіби білікті маман мен адалдықтың үлгісі бола отырып, ұжымда үлкен құрметке ие болды.
Гафиулла Рахматуллаұлының еңбегін басшылық бірнеше рет бағалады, сөйтіп 2010 жылы оған «ҚЭА Құрметті энергетигі» атағы берілді; 2013 жылы «KAZENERGY» медалімен марапатталды; 2015 жылы «ҚЭА еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді; 2016 жылы «Ерен енбегі үшін» медалімен наградталды; 2020 жылы – ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медалі; 2022 жылы «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы берілді.
Гафиулла Рахматуллаұлына көп жылдық еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі өз кәсібіне деген адалдығы үшін алғыс айтқымыз келеді және ардагерімізге зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілейміз.