Жансейіт Аділсейітұлы Доржинов зейнетке шығуыңызбен!

December 31, 2024

Отын-көлік-1 цехының ұжымы 6-разрядты бульдозер машинисі Жансейіт Аділсейітұлы Доржиновты еңбек демалысына шығарып салды. Жансейіт Аділсейітұлы біздің станцияда 2 жылдан астам уақыт жұмыс істесе де, өзінің еңбекқорлығымен, кәсіби шеберлігімен және ізгі ниетімен бүкіл цех ұжымының беделіне ие болды. Жансейіт Аділсейітұлы өзіне тапсырылған жұмысты ауа-райының қолайсыздығына қарамай, қысы-жазы тиянақты және нақты орындайды. Ардагерімізді ұжымы ерекше тұтады. Ол ерен еңбегі үшін  2021 жылы "Самұрық –Энерго" АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 2024 жылы Жансейіт Аделсейітұлына «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы берілді.

Станция басшылығының атынан Жансейіт Аделсейітұлын цех бастығы Бауыржан Жұмабайұлы Мұхамедияров құттықтап, бас директордың алғыс хатын оқп берді. . Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева табыстады. "АМАNАТ" партиясының атынан бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Б. Серьянов құттықтады. Ардагерімізге зор денсаулық, амандық және бар жақсылықты тілейміз.

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»