Электр цехының ұжымы Асқарбеков Уайр Дайрашұлын еңбек демалысына шығарып салды. Ол аталмыш цехта 29 жыл бойы 6-разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері болып еңбек етті! Цехтың барлық жұмыскерлері Уайр Дайрашұлын кәсіби шеберлігі үшін және әрдайым жылы сөзбен, нақты іспен көмек қолын созуға дайын тұратыны үшін құрметтейді. Уайр Дайрашұлы әрдайым жас мамандармен өзінің үлкен тәжірибесімен бөлісіп, оларды өндірістік тапсырмаларды сапалы орындауға ғана емес, сонымен қатар электр жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау өте маңызды екенін үйретті. 2024 жылы Уайр Дайрашұлына «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы берілді. Станция басшылығының атынан Уайр Дайрашұлын цех бастығының орынбасары Бейсембаев Ермек Болатұлы құттықтап, бас директордың алғыс хатын табыстады. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева табыстады. "АМАNАТ" партиясының атынан бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Б. Серьянов құттықтады. Уайра Дайрашұлына зор денсаулық, амандық және бар жақсылықты тілейміз.