Рахметов Аманжол Абдоллаұлы зейнетке шығуыңызбен!

December 30, 2024

Өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының ұжымы өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері Рахметов Аманжол Абдоллаұлын еңбек демалысына шығарып салды. Аманжол Абдоллаұлы Екібастұз 1-МАЭС-індегі еңбек жолын 1993 жылы отын-көлік-2 цехынының аралаушы-машинисі лауазымында бастады, адал еңбегінің арқасында өзінің кәсіби біліктілігін шыңдап 2014 жылдан бастап қауіпсіз пайдалану қызметінде жетекші инженер болып жұмыс істейді. Аманжол Абдуллаұлы станцияда жұмыс істеген кезінде іске асырылған барлық жаңа жобаларға қатысып қана қоймай, өзінен кейінгі өскелең ұрпақтың өз ісіне адал әрі кәсіби білікті маман болып шығуына өз үлесін қосты.

Аманжол Абдуллаұлының ерен еңбегі станция басшылығының тарапынан бірнеше рет бағаланды, ал 2024 жылы оған «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.

Аманжол Абдуллаұлын станция басшылығының атынан басқарма бастығы А.С.Акимжанов құттықтады. Ардагерімізді құттықтаған кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева естелік сыйлығын да табыс етті, ал «АМАNАТ» партиясының атынан бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Б.Серьянов та ізгі лебізін жеткізді. Басқарма ұжымы да жылы сөздерін айтып, тілектерін білдірді. Аманжол Абдуллаұлына зор денсаулық, амандық және бар жақсылықты тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»