Зейнетке шығуыңызбен Илекеев Алпамыс Амангелдіұлы!

February 07, 2025

Отын-көлік-1 цехының ұжымы вагон аударғыш машинисі Алпамыс Амангелдіұлы Илекеевті еңбек демалысына шығарып салды. Алпамыс Амангелдіұлы еңбек жолын Екібастұз 1-МАЭС-те 2013 жылы өрт сөндіру тобының жүргізушісі лауазымында бастады, ал 2017 жылдан бастап 5-разрядты вагон аударғыш машинисі болып еңбек етті. Алпамыс Амангелдіұлы қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамай өзіне тапсырылған жұмысты әрдайым білікті және нақты орындайды. Осылайша Алпамыс Амангелдіұлы бүкіл ұжымның құрметі мен сеніміне ие болды және 2021 жылы «Самұрық –Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 2024 жылы Алпамыс Амангелдіұлына «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы берілді.
Алпамыс Амангелдіұлын цех басшылығы, станциямыздың кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.А.Чигвинцева және бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Б. Серьянов құттықтады. Әріптестері естеліктерімен бөлісіп, ақ тілектерін жеткізді.
Ардагерімізге адал еңбегі үшін алғысымызды білдіріп, зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»