Зейнетке шығуыңызбен Әубәкіров Айдархан Қырықбесұлы!

February 07, 2025

Өндірістік-техникалық басқарма ұжымы жабдықтарды сенімділікпен және қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз ету қызметінің жетекші инженері Айдархан Қырықбесұлы Әубәкіровті еңбек демалысына шығарып салды. Айдархан Қырықбесұлы Екібастұз 1-МАЭС-те 38 жыл еңбек етті. Ол жабдықтардың апатсыз жұмысын, энергетикалық жабдықтардың сенімділігін арттырумен айналысты, ал бұл кәсіпорын жұмысының басым бағыттары болып табылады. Айдархан Қырықбесұлы станцияда жұмыс істеген кезеңінде іске асырылған барлық жаңа жобаларға қатысты,ол жоғары деңгейлі мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп қана қоймай. оларға еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікті және станция дәстүрлеріне адалдықты бойларына сіңірді.

Станция басшылығы Айдархан Қырықбесұлы ерен еңбегі үшін бірнеше рет ынталандырды, ал 2024 жылы оған «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» лайықты атағы берілді берілді.

Станция басшылығының атынан Айдархан Қырықбесұлын бас инженер СЗ.Джуманбаев және эжабдықтарды сенімділікпен және қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз ету қызметінің бастығы А. Н. Рахимжанов құттықтады. Сондай-ақ, ардагерді кәсіподақ комитетінің төрағасы Т. А. Чигвинцева және бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Б. Серьянов құттықтады. Басқарма ұжымы да жылы лебізін білдіріп, ақ тілектерін айтты. Айдархан Қырықбесұлына ұзақ өмір және зор денсаулық тілейміз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»