+7 7187 282 125

Шағын футболдан жолдастық турнир өтті

Ауелбаева Альмира February 06, 2024

Өткен демалыс күндері Жасыбай БЖСМ-де 10 жылдық мерейтой күніне орай біздің станцияның Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған шағын футболдан достық турнир өтті. Турнир шақырылған «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шығыс» разрезі, «ҚТЖ» АҚ, «KBI Energy Group» ЖШС, «Кегок» АҚ және біздің 1-МАЭС командалары арасында өткізілді.
3 ақпанда «35 жасқа дейінгі» жас тобында біздің жастар құрамасы атынан ойнағандар:
Қасымбаев Жасұлан (ОКЦ-1) – команда капитаны, Баталов Мейербек (ЖАӨЦ), Бородин Александр (ҚТЦ-1), Ғабынасыр Жансұлтан (ҚТЦ-1), Джуманбаев Бауыржан (электр цехы), Жүнісов Нұрым (Қауіпсіздік қызметі), Қожанов Ерғанат (ҚТЦ-1), Омаров Ерхан (маркетинг бөлімі), Рамазан Елжас (ҚТЦ-1), Әубәкіров Амангелді (ОКЦ-1). Жастар командалары арасында өткізілген турнирдің нәтижелері келесідей болды: 1-ші орын – «Богатырь Көмір», 2-ші орын – ҚТЖ, 3-ші орын - KBI Energy Group. Өкінішке орай, біздің жігіттер финалға өте алмады. Бірақ олар өте лайықты ойын көрсетті және тартыс қызықты әрі әсерлі болды.
4 ақпанда «35+жас» жас тобында (ардагерлер) біздің ұжымның атынан ойнағандар:
Бисенғалиев Ерлан (МжДОЗ) – команда капитаны, Уәлиханов Нұрлан (КҚБ), Рожков Дмитрий (ЖАӨЦ), Илекеев Алмаз (ЖАӨЦ), Бейсембеков Асхат (СҰБ), Нүрпейісов Суният (МТРБ), Ахмадиев Нұрғали (ЖАӨЦ) , Голубев Анатолий (ТЖЖ), Избицкий Игорь (электр цехы) , Шорманов Ринат (ҚТЦ-1).
Біздің ардагерлер өздерінің «35+жас» жас тобы арасында сөзсіз жеңіске жетті! Кегокпен болған ойында біздікілер 4:1 есебімен, КВІ-мен 7:5 есебімен біздің пайдамызға, ҚТЖ-мен біздің жігіттер 3:0 есебімен жеңді, финалда Шығыспен 0:0 қорытынды есеп, бірақ пенальти сериясында 2:1 болып жеңіске жеттік! Ардагерлер арасында ойындарда орындар келесідей бөлінді:
1-ші орын – Екібастұз 1-МАЭС,
2-ші орын – «Шығыс» разрезі,
3-ші орын - ҚТЖ.
Барлық жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.
Біз жігіттерімізді лайықты жеңісімен тағы да құттықтаймыз. Осындай турнирлерде лайықты өнер көрсеткен спортшыларды мақтан тұтамыз. Оларға зор денсаулық, сәттілік және спорттық жетістіктер тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»