«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2022 жылға өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне түсіндерме жазба
Альмира Ауелбаева
February 28, 2023
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің
2022 жылға өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне
түсіндерме жазба
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 4000 МВт жобалық орнатылған электр қуатымен қолданыстағы электр станциясы болып табылады (8 энергоблок әрқайсысы 500 МВт-тан, ст. №1 энергоблогы қалпына келтіру жұмыстарында тұр). Станцияның орнатылған қуаты 3500 МВт-ты құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі – тәуліктік, жыл бойғы.
Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі, тамызықтық болып – М-100 таңбасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.
Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.
Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.
2022 жылы – 23 047 995,283 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді.
Атмосфералық ауа. Станцияда атмосфераға шығарындыларды бақылау Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Станцияның санитарлық-қорғаныс аймағы шекарасында атмосфералық ауаның құрамын бақылау «Промсервис-Отан» ЖШС-нің аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.
Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.
Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.
Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.
Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2022 жылға «Атмосфераға ластағыш заттардың шекті-рұқсат етілетін шығарындыларының нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не қоршаған ортаға эмиссияларға 19.12.2018ж. №KZ10VCZ00220983 рұқсаттың негізінде 2022 жылы
288 987,805 тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.
2022 жылдың 12 айында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады (19.12.2018ж. №KZ10VCZ00220983 рұқсаттың негізінде):
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұсқат, нөмірі және берілген күні
|
Эмиссияларға лимиттер
|
Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар
|
Өткен жылғы аналогтік кезеңдегі нақты эмиссиялар мың т/жылына
|
Эмиссия көлемінің ұлғаю/азаю себебі*
|
мың т/жылына
|
мың т/жылына
|
19.12.2018 ж. № KZ10VCZ00220983 әрекет ету кезеңі 19.12.2018ж.-31.12.2022ж.
|
Шығарындылар, мың т/жылына
|
288,9878
|
242,8013
|
241,1247
|
Атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының ұлғаюы
өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылы электр энергиясын өндірудің артуымен байланысты.
|
Күкірт тотығы
|
190,5658
|
154,4529
|
149,4352
|
Азот тотығы
|
52,7176
|
49,9661
|
52,0102
|
Бейорганикалық шаң 70-20%
|
31,4669
|
27,9109
|
29,0782
|
Азот тотығы
|
8,5665
|
8,1194
|
8,4516
|
Көміртек тотығы
|
5,6647
|
2,3458
|
2,1433
|
Мазуттық күл
|
0,0003
|
0,0002
|
0,0002
|
Басқалар:
|
0,0059
|
0,0060
|
0,0060
|
Төгінділер,
мың т/жылына
|
жоқ
|
жоқ
|
жоқ
|
№1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары кезінде ластағыш заттардың шығарындылары 2022 жылы 12,273 тоннаны құрады (қоршаған ортаға эмиссияға рұсқат №: KZ24VCZ00752679 берілген күні 25.12.2020ж.).
Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмады.
Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін.
ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.
Станцияда арнайы су пайдалану Ертіс сериясындағы № KZ86VTE00079542
рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.
Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.
Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын «Промсервис-Отан» ЖШС-нің аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.
Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.
Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.
Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не қоршаған ортаға эмиссияларға 19.12.2018ж. №KZ10VCZ00220983 рұқсатының негізінде 2022 жылы өндіріс қалдықтарын орналастыруды және 5 778 138,061 тоннадан аспайтын көлемдерде тұтынуды жүргізуге рұқсат берілді.
2022 жылы орналастырылған қалдықтардың көлемі келесіні құрады:
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұсқат, нөмірі және берілген күні
|
Эмиссияларға лимиттер
|
Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар
|
Фактические эмиссии за аналогичный период прошлого года тыс. т/год
|
мың т/жылына
|
мың т/жылына
|
19.12.2018 ж. № KZ10VCZ00220983 әрекет ету кезеңі 19.12.2018ж.-31.12.2022ж.
|
Қалдықтар, мың т/жылына
|
5778,1381
|
5581,9390
|
5565,9705
|
Күлқождар
|
5777,6424
|
5581,4595
|
5565,3257
|
Қауіпті емес қалдықтар
|
0,4679
|
0,4662
|
0,6327
|
Қауіпті қалдықтар
|
0,0278
|
0,0133
|
0,0121
|
Радиоактивтік сәулеленулер, ГБк/жылына
|
жоқ
|
жоқ
|
жоқ
|
Топырақ мониторингісі.
Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында топырақ сынамаларын сұрыптау және талдау СПЗ «Промсервис-Отан» ЖШС-мен жасалған шарттың негізінде 2022 жылдың ІІІ-тоқсанында өткізілді.
Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.
- Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
- Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
- Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;
ҚОҚ қызметінің бастығы Жуматаева А.С.